Мұнымен қатар, су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету жөнінде Астана қалалық «Жас Отан» жастар қанаты жанынан құрылған Қоғамдық штаб жұмысын бастады. Театр қызметкерлері өз үлесін қосып, штабқа осындай табиғат апатынан жағдайдан зардап шеккендерге қажет азық-түлік пен киім-кешек жеткізді.
10:50, 20 Сәуір 2017
Астаналық театр ұжымы су тасқынынан зардап шеккен қарағандылықтарға қолдау көрсетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Астана Опера» МОБТ қызметкерлері су тасқынынан зардап шеккен Қарағанды облысының тұрғындарына көмек ретінде бір күндік еңбекақыларын аударады, деп хабарлайды театрдың баспасөз қызметі.