НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елорда тұрғыны отбасылық кикілжіңнен кейін 6-қабаттан секіріп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қайғылы оқиға кеше кешке болған.
«Оқиға кеше кешке Е-30 көшесі бойында тұрғын үйлердің бірінде орын алды. Тексеру барысында анықталғандай, 31 жастағы қала тұрғыны отбасылық кикілжіңнен кейін тұрғын үйдің 6 қабатынан секіріп, қаза тапты. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталу үстінде», - деп хабарлайды қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Дәулет Ізтілеу
Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтының түлегі. Бұған дейін "Қазконтент" АҚ e-history порталында тілші, "Елорда инфо" ақпарат порталында тілші болған. 2018 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің тілшісі.