Полицияға Астанада тұратын әйел хабарласып, белгісіз адам автобус аялдамасында оның қалтасынан әмиянын, құжаттарын, жалпы сомасы 258 мың теңгені құрайтын банкомат карточкаларын ұрлап кеткендігін айтқан.
Астаналық ІІД-нің баспасөз қызметінен хабарлағандай, жедел-іздестіру шараларын өткізу кезінде полиция қызметкерлері бұрын бірнеше рет сотталған, тәжірибесі бар «қалта ұрысын» ұстады. Аталған фактімен ҚР ҚК-нің 175-бабының 1-бөлімімен (ұрлық, яғни өзгенің мүлкін жасырын түрде ұрлау) қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.
Сондай-ақ Сарыарқа және Есіл аудандық соттарында күдікті азаматқа қатысты бұған дейін де қалта ұрлықтарын жасағаны үшін қылмыстық істер қарау үстінде жатқаны белгілі болды.