Астаналық ұстаздар орыс тілін компьютерлік жолмен оқытуды үйренуде

АСТАНА. Наурыздың 29-ы. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Астанадағы Президенттік мәдениет орталығында «Орыс тілін оқытудағы компьютерлік технологиялар» тақырыбында семинар өтіп жатыр,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ресейдің «Русский мир» қоры және «Злотоуст» орталығы бірлесіп өткізіп жатқан семинарда астаналық ұстаздар орыс тілін компьютерлік технологиялардың негізінде оқытудың әдістерін меңгеруде. «Бүгін осы тақырыптағы оқыту семинары Астана қаласында алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Онда тілді оқыту бағдарламаларын әзірлеу, қазіргі қолданыста бар бағдарламаларды игеру сияқты мәселелер қаралып, осының арқасында ұстаз мамандардың кәсіби біліктілігін арттыру көзделіп отыр», - дейді «Злотоуст» орталығының әдіскері Виктория Смирнова.