12:23, 23 Сәуір 2009
«Астаналық» велошабандоз Италиядағы «Giro del Trentino» жарсының бірінші кезеңінде үздік шықты
АЛМАТЫ. Сәуірдің 23-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Кеше Италияда жалауын көтерген «Giro del Trentino» көпкүндігінің алғашқы кезеңінде «Астана» велоклубының шабандозы Андреа Клоден үздік шықты,
деп хабарлайды ҚазАқпарат «Астана» велоклубының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Төрт күндік бұл сайыста «Астана» клубының намысын Андреас Клоден, Андрей Зейц, Болат Райымбеков, Валерий Дмитриев, Дмитрий Ренев, Роман Киреев, Яни Брайкович пен Ярослав Попович қорғап жатыр. Онда алғашқы күні 16,3 шақырымдық сында мәре сызығын А. Клоден бірінші, Я. Брайкович екінші кесіп өтті. Бұл Андреастың осы маусымдағы екінші жеңісі. Ол бұған дейін де наурыздың 15-інде осы елде өткен «Tirreno-Adriatico» жарысының 3-ші кезеңінде топ жарған болатын.