18:33, 16 Наурыз 2009
«Астаналық» велошабандоз «Paris-Nice» жарысында негізгі жіктелімде топ жарды
АЛМАТЫ. Наурыздың 16-сы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Францияда өткен «Paris-Nice» жарысының ақтық 6-шы кезеңінде «астаналық» велошабандоз Альберто Контадор жеңіске жетті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.А. Контадор наурыздың 8-інде басталған бұл бәсекенің алғашқы кезеңінде де мәре сызығын бірінші боп кесіп өткен болатын. Кеше топ жарған ол, 6 кезеңнің қорытындысы бойынша негізгі жіктелімде де үздік деп танылды. Үздік үштікке кірген өзге командалардың спортшыларынан Луис Леoн Санчес 1:13, ал Сильван Шаванель 1:24 секундқа қалып қойды. Наурыздың 8-15 күндері өткен бұл сайыста «Астана» клубының намысын Альберто Контадордан бөлек Александр Дьяченко, Аймар Субельдиа, Бенджамин Новаль, Даниэль Наварро, Михаэль Шор, Сержио Паулиньо мен Ярослав Попович қорғаған болатын. Оларға спорт директорларынан Алэн Галлопин мен Вячеслав Екимов жетекшілік жасады. Жаңа маусымда «Астана» қоржынына бір өзі 4 рет олжа салған А. Контадор енді наурыздың 23-27 күндері «Vuelta a Castilla y León» жарысына қатыспақ.