«Астаналық» велошабандоз «Париж-Ницца» көпкүндігінде 7-кезеңнің қорытындысы бойынша 9-орында келе жатыр

АЛМАТЫ. 11 наурыз. ҚазАқпарат - Бүгін велоспорттан «Париж-Ницца» көпкүндігінің 9,6 шақырымдық 8-кезеңі өтіп жатыр. Кеше 7-кезеңде «Астана» велоклубының шабандоздарынан мәре сызығын италияндық Франческо Гавацци - 18,

бельгиялық Кевин Зеелдрейерс - 46, словениялық Янец Брайкович - 49, хорватиялық Роберт Кисерловски - 51, ресейлік Евгений Петров - 66, қазақстандық Андрей Кашечкин - 121, италияндық Джакопо Гуарньери - 135-ші болып кесіп өтті. Соның нәтижесінде жалпы есепте Роберт үздік ондықтың қатарында келе жатса, Франческо - 19, Евгений -21, Янец -57, Кевин -66, Джакопо - 125, Андрей -137-орында келе жатыр.