Алания мен Анталия қалалары арасындағы бұл сында «Астаналық» велошабандоздардан итальяндық Якопо Гуарниери 7-ші, қазақстандықтардан Валентин Иглинский 18-ші, Александр Дьяченко 80-ші, Асан Базаев 87-ші, Андрей Зейц 91-ші, Дмитрий Груздев 99-шы, Евгений Непомнящий 114-ші, Александр Винокуров 165-ші боп мәре сызығын кесіп өтті. Екі кезеңнің қорытындысы бойынша негізгі жіктелімде қазір В. Иглинский 8-ші, Я.Гуарниери 27-ші, А.Дьяченко 63-ші, А. Базаев 72-ші, А. Зейц 108-ші, Д.Груздев 125-ші, А. Винокуров 154-ші сатыда келе жатыр. 29 сәуірге дейін созылатын бұл турдың бүгін енді 3-кезеңі өтеді.
08:05, 24 Сәуір 2012
Астаналық велошабандоз Түркия турында 2 кезеңнің қорытындысы бойынша 8-орында келе жатыр
АЛМАТЫ. 24 сәуір. ҚазАқпарат -Кеше 48-ші Түркия туры велододасының 153 шақырымдық екінші кезеңі өтті.