Астаналық велошабандоз Түркия турында 8-інші орында келеді

АЛМАТЫ. 24 сәуір. ҚазАқпарат - Кеше 48-інші «Түркия туры» веложарысының 153 шақырымдық екінші кезеңі өтті.

Алания мен Анталья қалалалары арасындағы бұл сында  «Астаналық» велошабандоздардан  итальяндық Якопо Гуарниери 7-інші, қазақстандықтардан Валентин Иглинский 18-інші, Александр Дьяченко 80-інші, Асан Базаев 87-нші, Андрей Зейц 91-інші, Дмитрий Груздев 99-ыншы, Евгений Непомнящий 114-інші, Александр Винокуров 165-інші боп мәре сызығын кесіп өтті.

Екі кезеңнің қорытындысы бойынша негізгі жіктелімде қазір В. Иглинский 8-інші, Я.Гуарниери 27-нші, А.Дьяченко 63-інші, А. Базаев 72-нші, А. Зейц 108-інші, Д.Груздев 125-інші, А. Винокуров 154-інші сатыда келеді.

29 сәуірге дейін созылатын бұл турдың бүгін 3-кезеңі өтеді.