Ол «Konya Torku Seker Spor» командасының спортшысы Ивайло Габровксийден 1,27 минутқа артта келе жатыр. Үздік үштікті түйіндеп тұрған «Caja Rural» командасының шабандозы Данайл Андонов Петров өз отандасы Ивайлодан 1,38 минут, ал Александрдан 11 секундқа артқа қалып қойды. Кеше 5-кезеңде олардың ешқайсысы да жеңімпаздар қатарынан көріне алған жоқ. Дегенмен, бұған дейінгі кезеңдерде көрсеткен уақыт көрсеткіштері оларды үздіктер қатарына шығаруға мүмкіндік беріп отыр. Жексенбі күні аяқталатын жарыстың бүгін, Бодрум мен Кушадасы аралығындағы 179 шақырымдық 6-кезеңі өтеді.
17:15, 27 Сәуір 2012
Астаналық велошабандоз Түркия турында көшбасшылар қатарында келеді
АЛМАТЫ. 27 сәуір. ҚазАқпарат -Түркия туры велододасының 5-кезеңінің қорытындысы бойынша, «Астана» велоклубының шабандозы Александр Дьяченко 2-орында келе жатыр.