Астаналық велошабандоз «USA Pro Cycling Challenge» жарысында үздік бестіктің қатарында тұр

АЛМАТЫ. 24 тамыз. ҚазАқпарат - Велоспорттан АҚШ-тың Коларадо штатында өтіп жатқан ІІ «USA Pro Cycling Challenge» жарысында астаналық велошабандоз негізгі жітелімде бесінші орынға көтерілді.

Кеше 156,4 шақырымдық төртінші кезеңде словениялық Янез Брайкович 9-ыншы, чехиялық Роман Кройцигер 51-інші, ресейлік Евгения Петров 56-ыншы, италияндық Фабио Ару 58-інші, эстониялық Танел Кангерт 59-ыншы, қазақстандық Евгений Непомнияший 65-інші боп аяқтады. Соның нәтижесінде 4 кезеңнің қортындысы бойынша негізгі жіктелімде Янез 5-інші, Роман 37-інші, Танел 53-інші, Евгений 73-інші,  Фабио 77-інші орынға тұрақтады. Дүйсенбі күні басталған 7 кезеңнен тұратын бұл бәсеке ертең өз мәресіне жетпек.