«Астаналық» велошабандоздар Бельгиядағы «Flèche Wallonne» жарысына қатысады

АЛМАТЫ. Сәуірдің 21-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - «Астана» велоклубының шабандоздары сәуірдің 22-сі күні Бельгиядағы "Flèche Wallonne» бәсекесіне қатысады,

деп хабарлайды ҚазАқпарат клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Қазақстандық кәсіпқой велоспорт клубының намысын бұл жолы Асан Базаев, Александр Дьяченко, Аймар Субельдиа, Берік Көпешов, Бенжамин Новаль, Дмитрий Муравьев, Максим Иглинский мен Хесус Эрнандес қорғамақ. Оларға «Астана» клубының спорт директорларынан Дирк Демоль мен Шон Ятес жетекшілік жасайды. Жалпы қазіргі таңда «астаналықтар» қоржынында 13 жеңіс бар. Оның ең алғашқысы ақпанның 20-сында Калифорния турында, ал соңғысы сәуірдің 17-сі күні «Classic Road Race» жарысында тіркелді.