«Астаналық» велошабандоздар Бельгиядағы «Line-Up For Liège-Bastogne-Liège» жарысына қатысады

АЛМАТЫ. Сәуірдің 24-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Сәуірдің 26-сы күні велоспорттан Бельгияда «Line-Up For Liège-Bastogne-Liège» жарысы өтеді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат «Астана» велоклубының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Онда «Астана» клубының намысын Асан Базаев, Александр Дьяченко, Аймар Субельдиа, Берік Көпешев, Бенжамин Новаль, Максим Иглинский, мен Хесус Эрнандес қорғамақ. Оларға қазақстандық кәсіпқой велоклубтың спорт директорларынан Шон Ятес жетекшілік жасамақ. Ш. Ятес бұған дейін спортшыларды әріптесі Дирк Демольмен бірге «Flèche Wallonne» жарысына да бастап барған болатын. «Астаналық» велошабандоздардың тағы бір командасы Италиядағы «Giro del Trentino» көпкүндігінде бақ сынауда. Онда сәуірдің 22-сі күнгі алғашқы кезеңде Андреа Клоден топ жарды. Бұл сайыс сәуірдің 25-іне дейін созылмақ. Онда «Астана» клубының намысын Андреас Клоденнен бөлек Андрей Зейц, Болат Райымбеков, Валерий Дмитриев, Дмитрий Ренев, Роман Киреев, Яни Брайкович пен Ярослав Попович сияқты спортшылар қорғап жатыр.