деп хабарлайды ҚазАқпарат клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Онда бұл жолы қазақстандық кәсіпқой велоклубтың намысын 7 спортшы қорғамақ. Олар - американдық Лэнс Армстронг, словениялық
Яни Брайкович, испаниялық Аймар Субельдиа, Хесус Эрнандес, Хосе Луис Рубьер, украиналық Ярослав Попович пен швейцариялық Михаэль Шор. Бұл шабандоздардың бәрі Ирландия турына биыл алғаш рет қатысып отыр. "Астаналықтарға" онда клубтың спорт директорларынан Йохан Брунель мен Вячеслав Екимов жетекшілік жасамақ. Жалпы бұл сайыста бақ сынайтын шабандоздардың арасында биылғы маусымда бұған дейін маусымның 3-інде Л.Армстронг «Люксембург турының» кіріспесінде, ал Я. Брайкович маусымның 21-і күні «Невада Сити Классикте» өз командасының қоржынына олжа салған болатын.