“Астаналық” велосипедшілер Германиядағы “Vattenfall Cyclassics” жарысына қатысады

АЛМАТЫ. Тамыздың 13-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - 'Астана' велоклубының спортшылары тамыздың 16-сы күні Германияның Гамбург қаласында өтетін 'Vattenfall Cyclassics' жарысына қатысады,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оған "астаналықтарды"  клубтың спорт директорларынан Дирк Демол   бастап бармақ. Бір күндік жарыста қазақстандық кәсіби велоклуб  намысын - Берік Көпешов, Валерий Дмитриев, Григори Раст, Дмитриий Муравьев, Максим Иглинский,   Михаил Шор, Роман Кирееев пен Томас Вайткус қорғамақ. Қазіргі таңда "Астананың" қоржынында түрлі деңгейде қол жеткізген 28 жеңіс бар.