Астаналық зағип жандарға «инватакси» қызмет көрсетпек

None
АСТАНА. 2 қаңтар. ҚазАқпарат - Жаңа жылдан бастап, астаналық зағип жандарға «инватакси» қызмет көрсетеді.

Бүгінде елордада жанары суалған 1700 мүмкіндігі шеутеулі жан бар. Бірақ көзім көрмейді деп қол қусырып отырғаны шамалы. Олардың көпшілігі іске епті келеді. Енді оларды жұмысқа немесе емханаға арнайы көлік тасымалдап тұратын болады.

Бұл істі жүзеге асыру үшін қазынадан 8 млн. теңге бөлінген. Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасынының басшысы Алма Алтыбаеваның айтуынша, алғашында 10 жеңіл көлік сатып алу жоспарлануда. Диспетчерлік бөлім құрылып, арнайы тізім жасақталады. Мамандар зағиптардың жүріп-тұруын қамтамасыз етеді, деп хабарлайды 24.kz.