«2017 жылдың 24 қаңтарында С. есімді азамат М. есімді бойжеткеннен 1 млн теңге ақшаны қолхат арқылы алған, қарызын екі айдан соң қайтаруға сөз берген. Сот барысында анықталғандай, бойжеткен ақшаны астаналық банктердің бірінен кредитке алған. Бір жыл өтсе де оның қарызы қайтпаған. Астана қаласының есіл аудандық сотының шешімімен жапа шегушіге қарызға берген ақшасы қайтарылды», - делінген хабарламада.
Шешім заңды күшіне енді.