деп хабарлайды Астана қаласы ІІД Жол полициясы басқармасы.
Аталмыш іс-шара кезеңінде жаяу жүргіншілер өткелінің және балалар мекемелерінің аумағында бақылау күшейтілді. Жолда жүру ережесінің негізін көлік жүргізушілеріне тағы бір естеріне салу үшін қала мектептерінің Жас жол қозғалысы отряды инспекторлары мен «Жас Отан» жастар қанатының балалары акцияға көмек көрсетті. Олар көлік жүргізушілеріне арналған арнайы жаднамалар мен буклеттер таратып, көлік жүргізушілеріне жол ережесін сақтау қажеттілігі туралы, әсіресе көше қиылыстарын және жаяу жүргіншілердің өткелдерін жүріп өту кезінде қала жолдарында сақ болуларын ескертті. Сонымен қатар кәмелеттік жасқа толмаған балаларға арналған көлік орындықтарын және қауіпсіздік белдігін тағуды ерекше назарға алды. Өз кезегінде жол полициясы қызметкерлері ата-аналарға балалардың қала жолдарында қауіпсіз жүріп тұру тәртібін ескеруге шақырды. Аталмыш шараның екі күні ішінде 1410 жол жүру Ережесін бұзу оқиғалары анықталды, оның ішінде 74 - жүргізуші көше қиылысын жүріп өту, 7 жүргізуші - балаларды тасымалдау тәртібін бұзған.
Осындай алдын алу акцияларды өткізу мектеп оқушыларының демалыс кезеңдерінде өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Іс-шара соңында жол полициясы қызметкерлері акцияны өткізуге үлесін қосқан балаларға жол қозғалысы тәртібін үздік насихаттағаны үшін жарыққа шағылысатын ленталарды сыйға тартты.