«Бурабай курортының аумағында қозғалып келе жатқан көліктің ашық люгіндегі қыз жүргізушілердің ызасын тудырды. Жол қозғалысы ережелерін екі рет бұзған елордалық ханымды Ақмола полицейлері жауапкершілікке тартты.
Instagram әлеуметтік желісіндегі полиция департаментінің ресми парақшасына бұзушылықты растайтын бейнені азаматтық ұстанымы бар жүргізуші жіберген. Бейнетіркегіш алда келе жатқан «Chery Tiggo» маркалы автокөліктің люгінен жолаушы басын шығарғанын тіркеген», - деп жазды ІІМ-нен.
Бейнежазбаға байланысты патрульдік полиция қызметкерлері бірден әрекет етті. Автокөліктің иесін анықтағаннан кейін, сол күні құқық қорғау органдары құқық 19 жастағы бойжеткенге ҚР ӘҚБтК 593-бабы бойынша қауіпсіздік белдіктерін тақпағандары үшін екі әкімшілік хаттама толтырды.