Біріншісі, 12 наурыз бен 21 мамыр аралығындағы 12 ойын, екіншісі 8 маусым мен 23 шілде аралығындағы 8 ойын. Алайда бұл астаналық футболшылардың ең жоғарғы көрсеткіші емес. Олар 2010 жылы 17 маусым мен 27 қазан аралығындағы 17 ойынды жеңіліссіз өткізген болатын. Астаналықтар биыл сондай-ақ, 23 шілде мен 20 тамыз аралығындағы 4 ойында ғана жеңіске жете алған жоқ. Бұған дейін олар 2009 жылы 10-20 мамыр аралығындағы 3 ойында жеңіс қуанышын сезіне алмаған еді.
17:17, 13 Желтоқсан 2011
Астаналықтар 2011 жылғы футбол маусымында 12 ойынды қатарынан жеңіліссіз өткізді
АЛМАТЫ. 13 желтоқсан. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - «Астана» футбол клубының сайты ағымдағы жылғы маусымның қорытындысын жасауда. Астаналықтар 2011 жылы Қазақстан чемпионатында 20 матчты жеңіліссіз өткізді. Ол екі кезеңге созылды.