Астаналықтар Африка күнін атап өтуде

АСТАНА. 25 мамыр. ҚазАқпарат - Бүгін, 25 мамыр - Африканың азаттық күні.

1963 жылы  Эфиопия астанасы  Аддис-Абебада Африка елдері басшыларының І конференциясы өтіп, оның нәтижесі бойынша Африка елдерінің Бірлігі ұйымы құрылды. Сол жылдың 25 мамырында қазіргі Африка Одағы құрылды.

Әр жыл сайын африкандықтар бұл күнді Африка кедейлік пен аурулардан, әскери жанжалдардан, күрделі экономикалық жағдайдан шығады деген үлкен сеніммен атап өтеді. БҰҰ-ның шешімімен бұл күн - Африканың азаттық күні деп жарияланды.

Осы мерекеге орай, Қазақстандағы Мысыр, Ливия және Оңтүстік Африка Республикаларының елшіліктері Астанада Африка аптасын атап өтуді ұсынды.

24 мамырдан бастап елордадағы «Рэдиссон» қонақүйінде африкандық аспазшылардың фестивалі өтуде. Келушілер шараптардан дәм татып, сәндік-қолданбалы өнер көрмесін, қызу қанды африкандықтардың билерін тамашалауда. Сондай-ақ көркем фильмдерді көріп, барабандарда ойнау курстарына қатысуда.

Астанада алғаш рет кеңінен атап өтіліп отырған бұл мереке 29 мамырға дейін жалғасады.