Астаналықтар әлеуметтік желі арқылы жұмысқа тұра алады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қалалық әкімдіктің жұмыспен қамту орталығы өз жұмысында Facebook, Твиттер, Инстаграм және ВКонтакте желілерін пайдалануда, бұл желілерге 3 мыңнан аса жұмыссыз адам жазылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат Астана қаласы әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

Астана қаласы әкімдігінің медиа-орталық тілішісіне қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басшысының орынбасары Сәуле Нұргожина өткен жылы енгізілген «CZ Astana» мобильдік қосымшасына 5000-нан астам адам жүктелгендігін айтып берген.

Мобильдік қосымшалар мен әлеуметтік желілердің арқасында пайдаланушылар еңбек нарығындағы бос орындар туралы біледі, кәсіби біліктілігін тексеру тестінен өтеді, түйіндемені дұрыс толтыруды үйренеді, сұхбаттасқанда жауап беруге машықтанады, жұмыс берушінің құқықтары мен міндеттерімен таныса алады. Сондай-ақ, ондажоспарланғаніс-шаралар, курстар, бос орындар жәрмеңкесі, шеберлік сыныптар тізімі бар.

Бұдан бөлек жыл басынан бері 4 жұмыс бос орындар жәрмеңкесі өткізілген, сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған 2 жәрмеңке ұйымдастырылған.

Елорданың жұмыспен қамту орталығының мәліметінше, жыл басынан бері (30 мамырға дейін) 6732 адам жұмыс сұрап келген. Қазіргі уақытта өтініш білдіргендердің 36,7% , дәлірек айтқанда, 2471 адам жұмыспен қамтылды. Бұлардың ішінде 125 адам әлеуметтік жұмыс орындарына және білім мекемелерінің 355 түлегі жастар тәжірибесінен өтуге жіберілген. Қоғамдық жұмыстарға 1029 азамат қатысады, ал 185 адам арнаулы кәсіби даярлықтан өтуде.

Бұдан бөлек, мүмкіндігі шектеулі 254 адам жұмысқа тұрғызылған. Оның 27-сітұрақты орынға, 2-еуі жастар тәжірибесіне, 5-еуі әлеуметтік жұмысқа және 190 адамақы төленетін қоғамдық жұмыстарға жұмылдырылды. Сондай-ақ 4 адам қысқа мерзімді кәсіби оқу курсынан өтіп жатыр. Жұмысқа орналасу бойынша кеңес беретін орталықтар Астананың 3 мешіті мен «Алай» базарында ашылды. Наурыз айынан бастап орталық мамандары ХҚКО мен Астананың екі сауда үйінде орналасқан.

Айта кетейік, қазіргі таңда Астана қаласы жұмысссыздық деңгейі төмендігі бойынша алдыңғы орында, республикалық көрсеткіштен 0,3% төмен. 2017 жылдың 1 жарты жылдығында жұмыссыздық деңгейі 4,6% құрады.