Бұл туралы бүгін xалықпен есептік кездесуінде Астана әкімі Әсет Исекешев мәлім етті.
Елорда басшысы алдымен тұрғындарға Астанада «Бірыңғай медициналық ақпараттық Call-орталық» жобасы іске қосылғандығын еске салды. 2017 жылы аталған қызмет тәулік бойғы жұмыс кестесіне көшіріліп, азаматтар денсаулық сақтау мәселелері бойынша барлық мазалаған сұрақтарына жауап алуға, «103» бірыңғай телефоны арқылы тәулігіне 24 сағат бойы дәрігерге жазылуға мүмкіндік алды.
Әкімнің айтуынша, жоба аясында тұрғындар емxанадағы дәрігерлерге смартфондағы арнайы қосымша арқылы үйде отырып-ақ жазыла алатын болады.
«Медициналық қызметкерлердің қағазбастылықтан босамауы - үлкен мәселе. Оны шешу мақсатында науқастың Бірыңғай электрондық медициналық картасын енгізу жобасы ілкі режімде енгізілді. Бұл - халыққа көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасын арттыруға және елордадағы емханаларда құжатайналымды алып тастауға мүмкіндік берді», - деді әкім.