«Әр жағдайды жеке қарау керек. Бәлкім осы айдың дәрі-дәрмегі әлі жеткізілмеген шығар. Дегенмен дистрибьютерге қоңырау шалу арқылы жеткізушіні асықтыруға болады. Осылайша перпараттысол күні-ақ алуға мүмкіндік бар. Егер емделуші емханаға жаңа ғана тіркелген болса, оған қажетті дәрі-дәрмек болмауы мүмкін. Мұндай жағдайда жаңа тіркелген емхана әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына өтінім түсіруі керек. Ол өтінім «СҚ-Фармацияға» жолданады. Өзге емханалардың қоймасында сұратылған дәрі болса, соны сізге бағыттау мүмкіндігі бар. Өтінім бойынша сұратылған дәрі-дәрмекті жөнелту бірнеше күн алуы мүмкін», - деді бөлім басшысы.
Сондай-ақ, ол амбулаториялық дәрі-дәрмек бойынша астаналықтар «I-Komek» байланыс орталығына 109 нөмірі арқылы жүгіне алатынын айтты.
«Тегін дәрі-дәрмектің таратылуын бақылап отыру үшін «СҚ-Фармацияның» 1439 нөмірінде байланыс орталығы жұмыс істейді. Сол орталық халыққа қажетті дәрінің қалай жеткізілгені, іркілістер туралы мәліметті толық жинақтайды. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелері бойынша 1406 нөміріне де хабарласуға болады. Бүкіл қоңыраулар тегін. Ұялы телефоннан да тегін қоңырау шалуға болады», - деді Фатима Смағұлова.