Астана қаласы Ішкі саясат басқармасынан хабарлағандай, жобаға қатысуға өтінімдерді қабылдау 20 шілдеге дейін жалғасады. Байқауға кез-келген елорда тұрғыны қатыса алады. Бұл ретте бір адам өзінің 3 еңбегін ғана ұсына алады. Байқау үш бағытта өткізіледі: «Астана бейбітшілік пен келісім қаласы» атты фото, карикатуралар, «Үздік блогер». Барлық жұмыстар Астана мен көпұлтты Қазақстан тақырыптарына арналуы тіис. Байқау комиссиясы өтінімдерді іріктейді, ал жеңімпаздарды қала тұрғындары анықтайды. Қатысушылардың тізімі бекітілгеннен кейін Ішкі саясат басқармасының www.uvp.kz және ҮЕҰ қолдау орталығының www.npo-astana.kz сайттарында ресми дауыс беру басталады.
Содан кейін байқау қорытындысы шығарылып, жеңімпаздардың есімдері жарияланады. Жастарды әртүрлі халықтардың мәдениетімен, салттарымен, тарихымен таныстыру және қоғамды біріктіру аталған шараның басты мақсаты болмақ, делінген елорда әкімдігінің ресми сайтында.