Астаналықтар елордадағы қоғамдық көліктің жүйесін жетілдіру туралы ұсыныстар енгізе алады

АСТАНА. 22 ақпан. ҚазАқпарат - Биылғы жылы Астана қаласының әкімдігі қалалық жолаушылар көлігінің жүйесін жетілдіруді жоспарлауда. Елорданың жол-көлік инфрақұрылымының кеңейтілуіне байланысты 50-ден астам аялдамалар тұрғызылып, сондай-ақ, 150-ге тарта автобустар сатып алынады, деп хабарлайды қала әкімдігі.

Сонымен қатар, Астана қаласының Жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары басқармасы елордалық автопарктің барлық бағдары желісін қайта қарап, оңтайландыруды жоспарлап отыр. Елорданың ресми сайтының жазуынша, қалалықтар үшін автобус бағдарларын ыңғайлы жүйелеу мақсатында басқарма тұрғындардан қаланың үш ауданын қамти отырып, қазіргі бағдарларға түзетулер енгізу туралы өз ой-пікірлерін uptad@bk.ru электронды мекен-жайына немесе мына телефондар 8(7172) 55-67-48, т/ф: 8(7172) 32-26-76 арқылы жолдауды сұрайды.