Ұйымдастырушылардың айтуынша, Наурыз мұндай шоуларға арналған жақсы мезгіл.
Ерекше қойылымға дайындыққа 2 апта кетті. Аспанға жарықты беріп тұратын 98 діңгек орнатылды. 98 саны Астананың еліміз елордасы атанған жылынан алынды.
Бұл уақытта Ғашықтар саябағындағы инсталляцияға дайындық қызу жүріп жатты. Саябақта орнатылған жұмыртқа өзіне - су, жер, от және ауаны біріктірді.
«Бұл жұмыртқа судың үстінде тұр. Адамдар оның ішіне кіріп көріп, өзге энергетиканы сезіне алады», - деді сценографист Маркос Виналс Бассолс.
Қалаған кез келген адам судың үстіндегі тас тақталармен жүріп көріп, композиция ішінде тілек тілей алды.
Еске салайық, бірегей шоу Астанада 1 сәуірге дейін жалғасады және оны осы күндердің кез келгенінде тамашалауға болады.