деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайына жиналған өнерсүйер қауым жазушының шығармасына арқау болған әлемге әйгілі ел басқарушының бірі Шыңғысханның өлімі жайлы баяндалған туындыны жаңа қырынан көрді. Бұл қойылым философиялық тереңдігімен, жаңа заман үнін бере білгендігімен ерекшеленеді.
Қойылымның соңында Қазақстанның Еңбек Ері, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Ә. Кекілбайұлы сөз сөйлеп, қойылымда жаңа ізденістер бар екенін атап өтті. Және ол осы шығармасын өткен ғасырдың алпысыншы жылдары нақты шындық деп табылатын оқиғалардың негізіне сүйеніп жазғанын айтты.
Бұл туындыны Астана қаласындағы «Жас көрермендер театры» сахнаға шығарды. Көрермендер жас әртістердің шеберлігіне қол соғып, қошемет көрсетті. Сонымен қатар қойылымның қоюшы режиссері, Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген қайраткер, «Парасат» орденінің иегері Нұрқанат Жақыпбайға шығармашылық табыстар тіледі.