Аталған тұрғын үйдің салынғанына 30 жылдан асты. Осы уақыттың ішінде жертөледегі инженерлік желілер тозып, кіреберістердің қабырғалары үгітіле бастаған. Осыған байланысты пәтер иеленушілер тұрғын-үй жаңғырту бағдарламасына қатысып, көпқабатты үйлерін толығымен жаңартып алғанды жөн көрді. Ішкі жұмыстармен бірге сыртқы жұмыстарға да тапсырыс берді. Үйдің көшеге қарайтын жағын толығымен пеноплэкспен қаптатып алды. Енді, оның үстінен сылақ жағылмақшы.
«Түркістан» пәтер иеленушілер кооперативінің төрайымы Любовь Каракульконың айтуынша, бүгінде бір үйдің 70 пайыздан астам тұрғындары өз келісімін берсе, тұрғын-үй шаруашылығын жаңғырту жұмыстары басталады.
«Біз осы жолғы жұмыстарды былай ұйымдастырдық. Бірінші қабаттың тұрғындары жертөледегі құрылыс жұмыстарын бақыласа, екінші қабаттағылар кіреберістерді қадағалап отырды. Үшінші қабат - қасбетке, одан жоғары қабатта тұратындар төбеге жауапты болды. Сөйтіп, әрбіреуіміз атсалысып, құрылыс жұмыстарының сапасын бақыладық. Жалпы, осы үйдің жұмыстары 58 миллион теңгеге бағаланды. Пәтерлердің саны - 56. Демек, әрбір пәтер иеленуші 1 миллион теңгеден төлейтін болады. Оны 15 жылға созып береді», - дейді кооператив басшысы.
Оның сөзіне қарағанда, тұрғындар ақшаны арнайы қорға жинаған жағдайда құрылыс жұмыстары 2 млн. теңгеге арзан түсетін еді. Алайда бүгінде пәтер иеленушелері ондай қорды жинауға асықпайды. Себебі ол ақша талан-таражға түседі де ойлайды.
15:10, 09 Қаңтар 2017
Астаналықтар көпқабатты үйлерін пеноплэкспен қаптатып жатыр
АСТАНА. ҚазАқпарат - Абылай xан даңғылы бойында орналасқан бес қабатты үйдің тұрғындары тұрғын-үй шаруашылығын жаңғырту бағдараламасын пайдаланып, барлық инженерлік желілерін, кіреберістерін жаңартып алды, тіпті үйдің сыртын қаптатып алды. Бірақ ол үйде пәтерлердің саны аз болғаннан кейін әрбір адамға бір миллион теңгеден астам төлемақы шықты, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.