Астаналықтар Наурыз мерекесін атап өтуде

АСТАНА. 22 наурыз. ҚазАқпарат - Бүгін елордадағы суық ауа райына қарамастан астаналықтар Наурыз мейрамын көтеріңкі көңіл-күймен атап өтуде.

Таңертеңгі сағат 10-нан бастап қалалық әкімдіктің алдындағы алаңға халық көптеп жиналды. Мұнда 10 киіз үй бой көтерді. Мерекенің қонақтары арқан тарту, кір тасын көтері, қазақша күрес және өзге де спорттық жарыстарға қатысуда.

Осы уақытта мерекелік концерт өтуде. Алаңда аудандардың шығармашылық ұжымдары мен Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының әртістері өнер көрсетуде. Алаңның басқа учаскелерінде сауда-саттық өткізілуде.

Бүгін сағат 18:00-ден 22:00-ге дейін жастардың би кеші өтеді, оған Астананың шығармашылық ұжымдары мен қазақстандық эстраданың жұлдыздары Алтынай Жорабаева, Ақылбек Жеменей, Қайрат Нұртас, Маржан Арапбаева, «Алдаспан» тобы және тағы басқалары қатысады.