Астаналықтар өздерінің сайлау учаскелері туралы мәліметті онлайн режімде ала алады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сайлаушылар тізімін анықтау және оларды белсендіру мақсатында Астана қаласы әкімдігі тұрғындарға өз сайлау учаскесі туралы мәліметтер алу мүмкіндігін ұсынады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің баспасөз қызметінен.

Сайлаушылар тізімін анықтау үшін Астана қаласы әкімдігі тұрғындарға нақты уақыт режімінде келесі мекенжайлар арқылы өз сайлау учаскесі туралы мәліметтер алу мүмкіндігін ұсынады: Астана қалалық әкімдігінің байланыс орталығының 55-66-55 телефоны бойынша - тәулік бойы автоматты режімде ЖСН теру арқылы және жұмыс күндері сағат 9.00-20.00 аралығында, демалыс немесе мереке күндері сағат 10.00-20.00 аралығында операторлармен байланысу арқылы; Астана қаласы әкімдігінің «электронды қызметтер» веб-порталының e.astana.kz мекенжайы бойынша «Сайлау учаскесін іздеу» бөлімінде немесе astana.gov.kz веб-порталының «Пайдалы сілтемелер» бөлімі арқылы; Бұған қоса, әкімдік maps.astana.kz/election сайтында сайлау учаскесі шекаралары мен орталықтарын қарау мүмкіндігін ұсынады.

Азаматтың белгілі бір сайлау учаскесінің сайлаушылар тізіміне қосылуы үшін тұрған жері бойынша осы сайлау учаскесінің аумағында тіркелгені негізге алынады. Мекенжай мәліметтерін тіркеу, түзету және тексеру үшін egov.kz электронды үкімет порталының «Азаматтар → Азаматтық, миграция және иммиграция → Тұрғындарды тіркеу және тіркеу есебінен шығару» бөлімі бойынша немесе Халыққа қызмет көрсету орталығына хабарласу қажет.