Бұл ретте Астана мәмілелер саны бойынша дәстүрлі көшбасшы – Алматыдан озды. Елордада сатылған үйлер Алматыға қарағанда 1,5 мыңға көбірек. Мұндай алшақтық өте сирек кездеседі, соңғы рет 2022 жылдың қыркүйегінде байқалған.
Неліктен елордада пәтер сатып алу жиіледі?
Астанада жасалған барлық мәмілелердің 45,4% бір бөлмелі пәтерлер құрады (республикалық көрсеткіште – 28,6%). Олар жалпы өсімнің негізгі бөлігін – 56,2% құрады. Маусым айында 1,8 мың бір бөлмелі пәтер сатылса, шілдеде – 3 мыңы сатылған.
Елордада бір бөлмелі пәтер сатудың өсуі жалпы жағдайдың өзгеруіне де әсер етті. Ақпан айынан бастап алғаш рет бір бөлмелі пәтерлер сатылымы бүкіл ел бойынша екі бөлмелі пәтер сатылымынан асып түсті.