Қабылдауға жазылуға арналған байланыс телефоны: 54-70-53. Шұғыл психологиялық көмек кабинеті сағат 09:00-15:00 аралығында жұмыс істейді, деп хабарланған елорда әкімдігінің ресми сайтында. Астана қаласы Денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, ересек адамдарға да шұғыл психологиялық көмек көрсетіледі. Қабылдауды №4 қалалық емхана базасында дәрігер психиатр жүргізеді. Байланыс телефоны: 51-88-42. Тұрғындар Астана қаласының психологиялық денсаулық мәселелерінің медициналық орталығында психологиялық кеңес ала алады, онда 54-76-03 телефоны бойынша тәулік бойы дағдарыстық бөлім жұмыс істейді. Осы нөмірге кез-келген уақытта хабарласып, өзіңізді мазалаған мәселемен бөлісе аласыздар. Сонымен қатар қалалық емханалардың жанынан ашылған ондаған жастар денсаулық орталығында тегін анонимді сенім телефондары қызмет етеді. Жастар денсаулық орталықтарында жасөспірімдерге кешенді медициналық-психологиялық, әлеуметтік және құқықтық көмек көрсетіледі. Бұдан басқа, жастар арттерапия сабақтарына, білім және оқыту тренингтеріне қатыса алады. Осылайша, астаналық психолог мамандар, психиатр дәрігерлер суицидке бейім, күйзеліске ұшыраған адамдарға шұғыл психологиялық көмек көрсетеді.
09:11, 23 Желтоқсан 2014
Астаналықтар психологиялық көмек кабинеттерінің жәрдеміне жүгіне алады
АСТАНА. ҚазАқпарат - №3 қалалық емхана филиалының базасында шұғыл психологиялық көмек кабинетінің мамандары педагогтар мен ата-аналарды жасөспірімдердің рухани-психологиялық жағдайын мұқият бақылауға және түйткілді мәселелерін шешуде көмектесуге шақырады.