Астаналықтар төтенше жағдай кезінде 5 теле- және 5 радио арналары арқылы ақпараттандырылады

АСТАНА. 31 қаңтар. ҚазАқпарат - Төтенше жағдайлар бола қалған кезде астаналық құтқарушылар тұрғындарға 5 телеарна

(Хабар, Қазақстан, ОРТ Еуразия, Астана, КТК) және 5 радио арнасы (Астана радиосы, Шалқар радиосы, Ретро ФМ, Авторадио, Қазақ радиосы) арқылы хабар тарататын болады, - деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі елорданың ресми сайтына берген сұхбатында.

Мәлім етілгендей, АЛМА-ТВ және DIGITAL TV кабельді телеарналарының таратылымын тоқтатып, қосылу арқылы 2012 жылы 43 рет, ал 2013 жылы 2 рет хабар таратылды.

2012 жылы «Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайларды хабарлау саласында қызметтестік туралы келісімге» қол қою негізінде Департамент СМС арқылы ұялы телефонның 4 жүйесі («Мобайл Телеком Сервис» ЖШС, «Алтел» АҚ, «GSM Қазақстан» ЖШС, Қазақтелеком» ААҚ, «Кар - Тел» ЖШС) арқылы тұрғындарға хабар жеткізді.

Сондай-ақ, астаналық тұрғындарды жедел хабарландыру кезіндегі өзара қарым-қатынас туралы Астана қаласы Ішкі істер департаменті мен Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің өзара іс-қимыл жоспары дайындалған. Жоспар Астана қаласы аумағында күрделі масштабты техногендік немесе табиғи салада төтенше жағдайлар және басқа да дағдарысты жағдайлар болған кезде дыбыс күшейткіш құралдарымен жабдықталған Астана қаласының ІІД автокөліктерін жұмылдыру арқылы тұрғындарға жедел ақпарат беру мақсатында іске қосылады.