Астаналықтар үшін қаладағы 600-ден астам спорттық нысандар өз қызметтерін ұсынады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада ересектер мен балаларға арналған 600-ден астам спорттық нысандар жұмыс істейді, деп хабарланған елорда әкімдігінің ресми сайтында.

Оның ішінде «Астана» спорт кешені көпшілікке бассейн мен жаттығу залын ұсынады. Сонымен қатар скалодром, футбол және баскетбол, волейбол ойнайтын алаңдарды да жалға алуға болады. Спорттық секциялардан кикбоксинг, каратэ, бокс және т.б. жұмыс жасайды. Су спорты түрлеріне әуес жандар жүзу, суға секіру, академиялық есу, байдарка мен каноэде есу, желкенді спортқа мамандандырылған «Толқын» спорттық мектебіне жазыла алады. Спорт кешендері үшін стандартты болып табылатын жүзу, фитнес, дзюдо, айкидо, джиу-джитсу, өзін-өзі қорғау сияқты спорт түрлерімен «Қазақстан» спорт сарайында айналысуға болады. Ал «Арыс» бокс клубы секциялар тізімінде ерекше орын алады, онда топтық және жеке дайындық жұмыстары жүргізіледі. «Алатау» спорт кешенінде 10-нан астам спорт секциялары ашылған, атап айтқанда, мұнда шейпинг, йога, спорттық және басқа да би түрлері, акробатика, самбо, айкидо, каратэ, кик-боксинг, ауыр атлетикамен айналысуға болады. «Сарыарқа» велотрегі 4 жастан асқан балаларға көркем гимнастикамен айналысуға мүмкіндік береді, сонымен қатар бұл жерде суда жүзуді де үйренуге болады. «Алау» мұз айдыны сарайында фитнеспен айналысуға және жаттығу залында дайындалуға болады. Үстел теннисінің ойыншыларына уақыт шектелмейді. Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадион ауыр атлетика секциясына 18 жастан бастап, жеңіл атлетикаға 9 жастан бастап қабылдайды. Бұдан басқа, жаз маусымында футбол алаңы келем деушілердің барлығына ашық. «Дәулет» спорт кешенінде үлкен теннистен жеке дайындықтар жүргізіледі. Кез-келген адам қалаған уақытында кортты жалға ала алады.