Елордалықтар үй жануарларын жаздың соңына дейін «Астана ветсервисте» тегін чиптей алады. Мекенжайы: Сарыарқа ауданы, С.Мұқанов көшесі, 2/1 (мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталығы), тел. 7 (747) 623 53 57, 7 (747) 672-85-27.
Жұмыс уақыты: дүйсенбі-жұма 9:00-ден 18:00-ге дейін (түскі үзілік: 13:00-14:00), сенбі 9:00-ден 13:00-ге дейін.
Тіркеуден өту үшін жануармен бірге келу, сондай-ақ өзімен бірге Мобильді азаматтар базасында тіркелген телефон болуы қажет.
Астана тұрғындары үй жануарларын ветеринария клиникаларында ақылы негізде де тіркей алады.
Айта кетейік, «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» ҚР Заңына сәйкес, биыл 1 қыркүйектен бастап мысықтар мен иттерге чип тағу және оларды арнайы есепке қою міндетті болады.