Бұл жолы сенбілікке қатысушылар аталмыш жобаның сайтында оқырмандардың дауыс беруі арқылы іріктеп алынған мәдениет нысанын тазалайды. Бұған дейін мұндай шара 7 шілдеде Алматыда, 8 шілдеде Қарағанды және Шымкент қалаларында өткен болатын.
«Нысандарды «Біз таза қала үшін» жобасының сайтында 2 ай бойы жүргізілген дауыс берудің нәтижесі бойынша анықтадық. Алматыда «Әлия» мен «Мәншүк» ескерткішіне 12 732 адамның 4 231-сі дауыс берді. Қарағандыда «Шахтерлер даңқы» ескерткіші 8916 дауыстың 2537-сін жинады. Ал Шымкентте «Қабанбай батыр» ескерткіші 8916 дауыстың 2246 дауысын жинады», - дейді Юнилевер-Қазақстан компаниясының маркетинг директоры Екатерина Дмитриева.
Оның айтуынша, сенбілікке 70 адам қатысты. Оның ішінде Алматыда - 30, Шымкент пен Қарағандыда 20 адамнан. Ал Астанада дауыс берудің нәтижесі бойынша «Сәкен Сейфуллин» ескерткіші тазартылатын болды. Оны қолдап 8280 адамның 3113-сі дауыс берген. Оған кем дегенде 20 ерікті қатысады деп жоспарлануда.