Астаналықтардың ең төменгі күнкөріс деңгейі 10,9 пайызға өсті

АСТАНА. 2 қараша. ҚазАқпарат - Астана қаласы бойынша ең төменгі күнкөріс деңгейі 2012 жылдың қыркүйек айында 21 300 теңгені құрап,

өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 10,9 пайызға өсті, деп хабарлайды елорданың ресми сайты Экономика және бюджеттік жоспарлау қалалық басқармасына сілтеме жасап

Елорданың орташа және ірі кәсіпорындары бойынша орташа айлық жалақы 2012 жылдың қаңтар-тамыз айларында 141 767 теңгені құрап, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 16,6 пайызға артық болып отыр.