Астана қаласы Статистика департаментінің хабарлауынша, 2014 жылғы шілдеде елордадағы халықтың орташа жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары 122286 теңгені құрады, бұл 2013 жылғы шілдеге қарағанда 17,4% жоғары, аталған кезеңде нақты ақшалай табыстар 8,9% көтерілді.
Бұл ретте халықтың атаулы табыстар индексі 2014 жылғы шілде айында 117,4 пайызды, ал нақты ақшалай табыстар индексі 108,9 пайызды құрады.