«Егер 15 жыл бұрын астаналықтардың орташа өмір сүру жасы 67 жыл болса, бүгін бұл көрсеткіш 73,5 жасқа жетті. Ал алдағы 3 жылда 74,5 жасқа дейін көтеріледі», - деді А. Алтыбаева.
Оның айтуынша, астаналықтардың өмір жасының ұзаруы елордадағы экономикалық жағдайларға байланысты тұрмыстың жақсарғанын білдіреді. Астанада жыл сайын білім беру мен денсаулық сақтау ісі жетіліп, халықты баспанамен және жұмыс орындарымен қамту жақсы жолға қойылып келеді.
«2014 жылдың бірінші тоқсанында 5,3%-ды құрады. Ал жастар арасындағы жұмыссыздық 2010 жылы 11,2% болса, қазірде бұл көрсеткіш 5 пайыздан аспайды. Сонымен қатар, Астана бойынша орташа жалақы 168 609 теңгені құрады», - деді А. Алтыбаева.