Шара барысында 10-нан астам адам тексеруден өтті.
Әсел Салимбаева, Астана қаласы №2 емхананың дәрігері:
«Салауатты маршрут» акциясы барысында қала тұрғындарының денсаулығын тексердік. Астаналықтардың амандық-саулығын біліп, кеңес бердік. Зиянды әдеттерден аулақ болудың маңызын түсіндірдік».
Ал, Любовь Кладова салауатты автобус жолаушысы болғанына риза. Үй жағдайында денсаулықты қалыпты ұстауға тырысқанмен, қарт адамның денсаулығы үйден ұзамай-ақ сыр береді дейді ол. Ал, ауасы тар автобуста жағдайы күрт төмендеген адамдарға алғашқы көмек қажет-ақ.
Любовь Кладова, Астана қаласының тұрғыны:
«Күтпеген жағдай болды. Әдетте күнде таңертең қысымымды өлшейтін едім, бүгін уақыт тығыз болды. Қартайғанда қан қысымы жоғары болады екен. Ал, мына акциядан іздегенімді тапқандай болдым. Қандай керемет, денсаулығымды тексеріп, жаным жай тапты».
Естеріңізге саламыз «Астана таңдауы» байқауына өтінім қабылдау 31 мамырда аяқталады. Бүгінге дейін 7 аталым бойынша 250 жуық өтінім келіп түскен. Дауыс беру 1-20 маусым аралығында қала әкімдігінің сайты арқылы жүргізіледі. Үздіктерді бірге анықтайық.