Астананы қалың тұман басты

АСТАНА. KAZINFORM – 18 қазан күні таңертең Астананы қалың тұман басты. Елорда аудандарының кейбірінде көріну қашықтығы айтарлықтай төмендеді.

Фото: из соцсетей

Редакцияға жолданған фотодан қалың тұманның елорданың тұрғын үйлер орналасқан аудандарын басып қалғанын көруге болады.

Алыстағы көпқабатты ғимараттар әрең көрінеді, ал көшелердің басым бөлігі қалың тұманның арасында қалған.

«Қазгидромет» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының мәліметінше, 18 қазан күні Астанада дауылды ескерту жарияланған.

Синоптиктердің болжамы бойынша, түнде және таңертең елордада тұман күтілген.