Мәслихат жанындағы қоғамдық кеңес алдағы үш жылдың бюджетін қарастырды.
«2024-2026 жылдары 2 трлн 237 млрд кіріс күтіледі. Оның ішінде 2024 жылы 702 млрд 316 млн теңге, 2025 жылы 738 млрд 452 млн теңгені, 2026 жылы 797 млрд 122 млн теңге», - деді Қайсар Манқараев.
Кірістердің негізгі үлесін 2 трлн 223 млрд 454 млн теңге сомасында салық түсімдері құрайды, оның ішінде 2024 жылы - 697 млрд 523 млн теңге, 2025 жылы - 733 млрд 579 млн теңге, 2026 жылы - 792 млрд 351 млн теңге.
«Қалалық бюджеттің шығыстар жөніндегі жобасы мәслихаттың тұрақты комиссиясының отырыстарында қаралды. Депутаттардың ескертулері мен ұсыныстары ескерілді. Жергілікті үш жылдық бюджет шығыстарының көлемі - 1 трлн 809 млрд 980 млн теңге, оның ішінде 2024 жылы - 702 млрд 316 млн теңге, 2025 жылы - 591 млрд 761 млн теңге, 2026 жылы - 516 млрд 537 млн теңге, - деді Қайсар Манқараев.
Цифрландыру және мемлекеттік қызметтер басқармасына 2024-2026 жылдар кезеңінде 19 млрд 650 млн теңге, оның ішінде 2024 жылы 8 млрд 662 млн теңге қарастырылған.
Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы - 26 млрд 374 млн теңге, 2024 жылы - 13 млрд 563 млн теңге.
Қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану басқармасы - 27 млрд 660 млн теңге, 2024 жылы - 13 млрд 210 млн теңге.
Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына - 46 млрд 234 млн теңге, 2024 жылы - 16 млрд 758 млн теңге.
Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасына - 5 млрд 749 млн теңге, 2024 жылы - 2 млрд 717 млн теңге.
Тілдерді дамыту және мұрағат управ басқармасы - 2024 жылы 865 млн теңге.
Полиция департаментіне - 56 млрд 261 млн теңге, 2024 жылы - 19 млрд, 659 млн теңге.
Қаржы басқармасына - 261 млрд 248 млн теңге, 2024 жылы - 139 млрд, 987 млн теңге.
Білім басқармасына - 682 млрд 397 млн теңге, 2024 жылы - 213 млрд, 788 млн теңге.
Мәдениет басқармасына - 40 млрд, 300 млн теңге, 2024 жылы - 14 млрд, 717 млн теңге.
Ішкі саясат басқармасына - 6 млрд 551 млн теңге, 2024 жылы - 2 млрд 375 млн теңге.