Астананың бірнеше көшесінде жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр

АСТАНА. KAZINFORM — Елорданың Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Мәңгілік Ел даңғылы мен Сарайшық көшесінің қиылысындағы көлік айрығында жол төсеміне орташа жөндеу жұмысын жүргізіп жатыр. 

Фото: gov.kz

Астана әкімдігі ресми сайтының мәліметінше, қозғалыс 17 мамырдан 20 мамырға дейін ішінара жабылады. 

Бұл ретте автокөлік құралдарының қозғалысы екі бағытта да сол жағымен (Түркістан көшесінен Қошқарбаев даңғылына қарай) жүзеге асырылады. 

Сондай-ақ Сарайшық көшесінен Мәңгілік Ел даңғылына дейінгі оң жақ съезі толығымен жабылатын болады. Бұл ретте автокөлік құралдарының қозғалысы жақын арада орналасқан Ақмешіт және Түркістан көшелерінде жүзеге асырылады. 

Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.