«Биылдың басында Астана аумағында арнайы өлшем жасадық. Байланыс сапасының нашарлығы байқалған 67 орын анықталды. Яғни бұл жерлерде байланыс болмаған немесе талапқа сай емес. Осы 67 жерде жыл бойына тиісті жұмыс атқарылып, 60-ы бойынша мәселе шешілді», - деді Д. Төлегенов елордада өткен баспасөз мәслихатында.
Оның сөзіне қарағанда, кей аудандарда антенна бағандарын орнатуға тұрғындардың радиофобиясы кедергі болып тұр.
«26 жерде базалық станция орнатылды, қалғандары бойынша тұрғындардың келісімі қажет. Халықтың радиофобиясына байланысты алты жерде қосымша жұмыс атқарылып жатыр», - деп түсіндірді ведомство өкілі.
Осы орайда антенна бағандарын орнату жоспарланған Астана аудандарының тізімін жариялауды жөн көрдік: