Астананың 26 көшесінде ыстық су беру уақытша тоқтатылады.
Қаланың әр ауданында ыстық судың өшірілу себебі әртүрлі. Атап айтқанда, құбырға седлалық қосылу жұмыстары жүргізіліп, гидравликалық сынақтар өтеді.
Су беру толықтай тек Қазыбек би көшесі, 41/1 мекенжайында тоқтатылады. Бір құдықта дәнекерлеу жұмыстары жүргізілуіне байланысты су беру сағат 10:00–ден 16:00–ге дейін тоқтатылады.
25 қыркүйекте Астананың кей аудандарында электр энергиясы да өшіріледі. Кей жерлерде жарық шамамен екі сағатқа сөнсе, бірқатар мекенжайда шектеу таңертеңнен кешке дейін жалғасады.
Айта кетейік, Павлодарда қазан айынан бастап электр энергиясы мен ауызсудың тарифтері өзгереді.