Астананың коммуналдық қызметі қысқы кезеңгі жұмысқа дайын

АСТАНА. KAZINFORM — Қар жауған күндері көшелерді тазарту жұмысы күшейтілген режимде жүргізіледі. Ең алдымен негізгі магистральдар, қоғамдық көлік аялдамалары мен әлеуметтік нысандарға апаратын жолдар қардан тазартылады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Фото: Астана әкімдігі

Қыс мезгілінде қар күреу жұмысы елорданың барлық алты ауданында өтеді. Қаланы санитарлық тазарту үшін 2 500-ден астам арнайы техника мен 3 400-ден аса жол жұмысшысы жұмылдырылады.

Фото: Астана әкімдігі

Жауын-шашын кезінде магистральдық көшелерді, әлеуметтік нысандар мен қоғамдық көлік аялдамаларына апаратын жолдарды уақытылы тазартуға басымдық беріледі.

-Қар күреу жұмысы екі ауысым бойынша жүргізіледі. Қар қалың жауған жағдайда ауа райы мен жол жағдайына қарай арнайы техниканың қозғалыс бағыттары өзгертіліп отырады,-делінген хабарламада.

Фото: Астана әкімдгі

Осыған дейін қысқы мерекелер кезінде үш қосымша пойыз іске қосылатыны туралы жаздық.