Онда білім беру саласының үздік мамандары өздерінің тәжірибесі мен жетістіктерін көрсетіп, кәсіби шеберліктерін ортаға салды. Байқаудың қорытындысы бойынша, әр түрлі пәндер бойынша жетістіктерге жеткен үш педагог жеңімпаз атанды.
Комиссия отырысының шешімімен «Астана қаласының құрметті педагогі» құрметті атағына лайықты педагогтар ретінде:
• Дана Жаңабек — Астана қаласы әкімдігінің «Жүсіпбек Аймауытұлы атындағы № 24 орта мектеп» ШЖҚ МКК қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі;
• Гүлшат Ермағанбетова — Астана қаласы әкімдігінің «№ 9 «Зерде» мамандандырылған лицейі» КММ география пәнінің мұғалімі;
• Зумрет Самратова — Астана қаласы әкімдігінің «№ 2 арнайы мектеп» КММ еңбек пәнінің мұғалімі.
Айта кетейік, жыл соңына дейін тағы 30 мыңнан астам педагог курстан өтеді.