Муар мен Путраджая қалалары арасындағы ұзындығы 188,3 шақырым болатын қашықтықты қазақстандық команданың өкілі 4 сағат 5 минут 17 секундта бағындырды.
Екінші болып канадалық Райли Пикрелл (Modern Adventure Pro Cycling), үшінші болып нидерландтық Кристиан ван Рес (Development Team Picnic PostNL) мәреге жетті.
XDS Astana Team командасының тағы бір шабандозы Глеб Сырица қорытынды кезеңді 11-орында аяқтады.
«Тур Лангкавидің» жалпы қорытындысында Tudor Pro Cycling Team командасының неміс велошабандозы Леннарт Яш жеңімпаз атанды. XDS Astana Team құрамындағы ең үздік нәтиже Харольд Мартин Лопеске тиесілі болды — ол 12-орын алды.
Маттео Малучелли үшін бұл «Тур Лангкавидегі» биылғы үшінші жеңіс болды. Бұған дейін италиялық шабандоз көпкүндіктің бірінші және үшінші кезеңдерінде жеңіске жеткен еді.
Айта кетейік, «Тур Лангкави» 27 қыркүйекте басталып, сегіз кезеңнен тұрды.
Еске салайық, бұған дейін XDS Astana Team командасының шабандозы Алессандро Ромеле «Вуэльта Испания» көпкүндігінің 15-кезеңінде екінші орын алып, испаниялық Гранд-турдағы алғашқы жүлдесіне қол жеткізгенін жазғанбыз.