Осыған дейін ол Астананың Есіл ауданы әкімі аппаратының басшысы қызметін атқарған.
Бақытжан Жүнісбеков – білімі бойынша саясаттанушы. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін тәмамдаған. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде саясаттану магистрі дәрежесін алған.
Еңбек жолын 2007 жылы бастаған. Мемлекеттік қызмет жүйесінде, оның ішінде ішкі және жастар саясаты, қоғамдық даму және азаматтық қоғам институттарымен өзара іс-қимыл салаларында еңбек тәжірибесі бар.
2011-2016 жылдары Астана қаласы әкімдігінің Жастар саясатын қолдау мемлекеттік қорында бөлім басшысы, басшының орынбасары және қор басшысы қызметтерін атқарды.
2016-2021 жылдары елорда әкімдігінің Жастар саясаты басқармасы мен Қоғамдық даму басқармасында жұмыс істеді.
2021 жылдан 2026 жылға дейін Астана қаласының Есіл ауданы әкімі аппаратының басшысы қызметін атқарды.
Айта кетейік, бұған дейін елімізде бір апта ішінде болған кадрлық ауыс-түйістер мен жаңа тағайындауларға шолу жасаған едік.